Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвестициялар тартылуда.
Атап айтсақ, «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. Жобаны «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ американдық «Steward Engineers» стратегиялық әріптесімен бірлесе жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру үшін «Orda Glass LTD» ЖШС құрылған. Жоба құны – 36,7 млрд.теңге. Жоба жүзеге асқанда жаңадан 226 жұмыс орны құрылатын болады.