Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада үздік кәсіпкерлер марапатталды

Қызылордада үздік кәсіпкерлер марапатталдыҮздік кәсіпкерлерді анықтау мақсатында 2006 жылдан бері қызылорда облысында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» атты конкурсы өткізіп келеді. Аталған шараның маңыздылығы мен оған қатысушылардың саны жылдан-жылға артып отыр. Бүгінде бұл конкурс шағын бизнестің жетістіктерін тамашалайтын, сондай-ақ пікір алмасу, жаңа серіктестіктерді табу алаңына айналды.
Биыл конкурс 4 номинация бойынша өткізілді. Атап айтсақ, «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Үздік кәсіпкер әйел», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік кәсіпкер отбасы». Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдармен бағалы сыйлақтармен (тоңазытқыш, теледидар, планшет) марапатталса, ал қалған қатысушыларға алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.
Конкурстың номинанттарын әділ бағалау мақсатында құрамында мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдары мамандарынан құрылған комиссия құрылды.
«2014 жылы Қызылорда облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» атты өңірлік конкурсының жеңімпаздары:
«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында:
1 орын: «Ұшқын» мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру» қоғамдық бірлестігі (жиһаз өндіру, фото қызмет)
2 орын: «Мир-2001» ЖШС (құрылыс материалдары)
3 орын: «Шуетов Мейрамбек» ЖК (фотосалон)
«Үздік кәсіпкер әйел» номинациясында:
1 орын: «Смаева Рахиля» (сүт өнімдері) 
2 орын: «Сматова Гүлнұр» ЖК (қолөнер бұйымдары)
3 орын: «Ас-Ка» ЖШС (арнайы киім тігу және жиһаз шығару)
«Үздік жас кәсіпкер» номинациясында:
1 орын: «Жүрментаева Әсел» (нан өнімдерін өндіру) 
2 орын: «Нурлан Компани» ЖШС (көліктік қызмет)
3 орын: «Қазбергенов Нұрбек» (кондитерлік өнімдер)
«Үздік кәсіпкер отбасы» номинациясында:
1 орын: «Қанатбаева Күлпаш» (мал шаруашылығы, мал бордақылау)
2 орын: «Еламан Бауыржан» ЖК (нан өнімдерін өндіру)
3 орын: «Камбала Балык» ЖШС (балық өнімдерін өндіру)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: