CОҢҒЫ БЕС ЖЫЛДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БЮДЖЕТІНІҢ КӨЛЕМІ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев мәлім етті.
Соңғы 5 жылда облыс бюджетінің көлемі 2 еседен аса – 108 млрд. теңгеден 237 млрд.теңгеге көбейді, оның ішінде 2012 жылы облысқа республикалық бюджеттен бөлінген ресми трансферттер 108,4 млрд.теңгені құраса, 2016 жылы аталған сома 177,1 млрд.теңгеге дейін өсті.
Қызылорда облысы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен бюджет түсімдері 100,6 пайызға орындалды, оның ішінде бюджеттің өз кірістері 103,4 пайыз (болжам 40,8 млрд.теңге, түскені 42,2 млрд.теңге), облыс бюджетіне артық түскені 1,4 млрд.теңге.
2016 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,5 пайызға орындалды (жоспар 238,1 млрд.теңге, орындалғаны 237 млрд.теңге). Игерілмегені 1,2 млрд.теңге, оның 873 млн.теңгесі үнемделген қаражат.
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында Қызылорда облысында жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктің облыс бойынша 5 объектісі және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ 6 ұйымы анықталды. 2016 жылға жоспарланған коммуналдық меншіктің 2 объектісі және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ 3 ұйымы толығымен жекешелендірілді.
Мүлікті және ақшаны жария ету жұмысы 2016 жылдың 31 желтоқсанында толық аяқталды. Оның қорытындысымен 1953 өтініш бойынша сомасы 15,1 млрд. теңге болатын 2019 жылжымайтын мүлік жария етілді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерде 241 шот ашылып, 10,1 млрд.теңге ақша жария етілді. Барлығы жария етілген капитал 25,2 млрд.теңге.
«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша 2016 жылы басқарма тарапынан 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді.