Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗБЕК БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӨЗБЕК БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

27 қаңтар күні делегаттар Ташкент қаласындағы Төле би және Әмір Темір кесенелеріне гүл шоқтарын қойды. 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының орынбасары Содик Сафоевпен, сондай-ақ Ташкент қаласының әкімі Рахмонбек Усмановпен, Өзбекстан астанасындағы бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшыларымен кездесті. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында Қырымбек Көшербаев бүгінде мемлекетіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен шетелдік инвесторларға жеңілдіктер преференцияларын ұсынып отырғандығын атап өтті.
- Олар – кедендік баж салығынан босату, мемлекеттік гранттар ұсыну, салық және инвестициялық субсидия бойынша жеңілдіктер беру. Ал жергілікті билік өз кезегінде өндіріс орындарына жер телімдерін бөлу мен қажетті инфрақұрылым жүргізуге кепілдік береді. Өз кезегінде біз агрөнеркәсіп секторы, азық-түлік, электротехника, құрылыс және автомобиль өнеркәсібі салалары бойынша Өзбекстан тәжірибесіне сүйенгіміз келеді,- деді Қырымбек Көшербаев. 
Сапар қорытындысы бойынша қол жеткізілген келіссөздердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірлескен аймақаралық жұмыс топтары құрылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: