Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Белгілі қаржыгерге арналған конференция өтті

Белгілі қаржыгерге арналған конференция өттіБүгін, 24 қаңтарда қоғам қайраткері, республикаға белгілі экономист, қаржыгер – Камал Шөкеновтің өмір жолы мен қызметіне арналған танымдық конференция өтті. 
Камал Шөкенов 1935 жылы Жалағаш ауданы, Қаракеткен станциясында дүниеге келген. Алматы қаржы-несие техникумы және Ташкент қаржы-экономикалық институтында білім алған К.Шөкенов 40 жылдан аса Қызылорда облысының қаржы саласында елеулі еңбек етті. Еңбек жолын аға экономист маманынан бастап, облыстық қаржы басқармасының бастығы лауазымына дейін көтерілді. 
Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов, қоғам қайраткері Қалибек Ахметжанов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген экономисі Смағұл Жұмабеков және әріптестері, шәкірттері қатысып, қаржыгердің өмір жолынандағы өнегелі істерін сөз етті.
Камал Шөкенұлының қызмет еткен уақытта экономикалық қиыншылықтар болды. Бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлері жалақыларын, жәрдемақыларын уақытында ала алмай, қатты күйзеліске ұшырап отырған тұста тығырықтан шығудың жолын таба білді. 
Камал Шөкеновтың өз сөзімен айтсақ, «Тек білімді ғана күштіні жеңе алады», «Білімді, білікті маман елеусіз қалмайды» демекші, оның еңбегі елеусіз қалған жоқ. Дәстүрге айналған қаржыгерлер арасында өткізіліп жүрген шағын футбол турнирі мен танымдық конференция осы сөздің дәлелі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: