«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XXI конференциясы өтті.
Конференцияны «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Абзал Мұхимов ашып жүргізді.Күн тәртібіне: «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселе қойылды.
Партияның жарғылық міндеттері мен бағдарламалық талаптарына сай жұмыс атқару мақсатында аудандық партия филиалы Саяси кеңестің құрамына өзгертулер енгізу турасында «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов баяндама жасап, өзгерістер енгізуге кандидатурасын ұсынды. Аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің құрамына ұсынылған өзгерістер делегаттардың ашық дауыс беру негізінде сайланды.