Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ПАРТИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПАРТИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қызылордада«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің төрағалығымен  партияның Қызылорда қалалық филиалының саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
Бюроның күн тәртібіне партияның Сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген тұрғын үй саясатындағы «Жалға берілетін тұрғын үйлерді дамыту» арқылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасының орындалысы туралы бірқатар мәселелер ұсынылып қаралды.
Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Берідбаев хабарлама жасады. Бөлім басшысының айтуынша қазіргі таңда қала әкімдігінде тұрғын үйге кезекте тұрған отбасылар саны 20579-ды құрайды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына ұдайы жаңаланып, ай сайын орналастырылып отыр. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2012, 2013, 2014, 2015, 2016 жылдары жергілікті баспасөз құралдарында жарияланды.
Сонымен қатар Ерлан Берідбаев 2015-2016 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2240 отбасы тұрғын үй алуына байланысты кезектен шығарылды.Бұл өз кезегінде есепте тұрған халықтың тұрғын үй мәселесін шешудің бірден-бір жолы екендігін атап өтті. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағдарламасының» нәтижелі көрсеткіштерін атап өтіп, жұмыссыздық мәселесін де тілге тиек етті. Яғни, «Қызылорда қаласында қазіргі уақытқа экономикалық белсенді халық саны 122855 адам болса, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз. Облыста – 5,0, республикада – 5,0 пайыз. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайыз), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызды құрап отыр»,- деді. 
Жиын соңында Саяси кеңес бюросы отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, қаулылардың жобалары негізге алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: