И.Ильин Сәрінжіпов пен Мұхамедиұлының атына ашық хат жолдады
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақ спорт және туризм академиясының докторанты Илья Ильин білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына ашық хат жолдады. Онда спортшы ҚазСТА жанындағы диссертациялық кеңесті қайта құруды өтініп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ жанынан құрылған 6D010000-білім (гуманитарлық ғылымдар) мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына «дене шынықтыру және спорт» мамандығы да кіріп кеткен. Алайда, спортшының пікірінше, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының гуманитарлық ғылымдарға еш қатысы жоқ. Осыған байланысты, егер ҚазСТА жанынан диссертациялық кеңес құрылатын болса, жаттығу процессін жетілдіру үшін маңызды жаңа технологиялар мен әдістемелерді енгізуге мүмкіндік туар еді, деген пікірде чемпион.
Осылайша, спортшы ЖОО бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.