Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА КЕЛДІАҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Марк Муди ресми сапармен Қызылорда қаласына келді.
Облысқа жасаған сапары барысында жоғары мәртебелі қонақ қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаевпен кездесіп әлеуметтік саланы, әсіресе білім және мәдениет салаларын дамыту мақсатында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесуге АҚШ Бас консулдығының БАҚ, мәдениет және білім беру бөлімінің басшысы Чарльз Мартин, қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Айгерім Бегалиева және Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Асқарбек Есжанов және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалым Баймұрзаевтар қатысты. Қала әкімінің орынбасары шаһардың экономикалық, білім және мәдениет саласындағы жетістіктеріне кеңінен тоқталыды. Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Кездесу соңында қала әкімінің орынбасары А. Қайруллаев қонақтарға Қызылорда қаласы туралы естелік кітапты сыйға тартты. Кездесу қорытындысы ретінде бүгін кешкі сағат 18.00-де Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында облыстық филармония және американдық «The Exchange» тобының концерті өтеді.
Концерттің ерекшелігі американдық атақты «The Exchange» тобымен Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері бірлесіп қазақша әндер айтып, өнер көрсететін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: