Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Әкім студенттерге дамудың басым бағыттарын әңгімеледі

Әкім студенттерге дамудың басым бағыттарын әңгімеледіӘкім студенттерге дамудың басым бағыттарын әңгімеледіОблыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттеріне «Әлем, Ел және Өңір дамуының басым бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды. Айта кетейік, бұл аймақ басшысының студенттерге арнаған төртінші лекциясы.
Бұл жолғы тақырып та өзекті. Әлемдегі орын алып жатқан оқиғаларды сараптап, өз елімізбен және өңірімізбен байланыстырды. Әсіресе, миграциялық процесстердің белең алуы, дүние жүзінде жүріп жатқан урбандалу процесі, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық сияқты мәселелерге баса назар аударды. 
Дәрістің мақсаты – жастарға осы өзгерістер туралы мәлімет беріп, оның ел мен өңірдің өміріне, түптеп келгенде әрқайсымыздың жеке тіршілігімізге тигізер әсері туралы ой салу. Соған қарай бой түзеп, өздерінің кәсіби, іскерлік және шығармашылық жоспарларын құруға бағыттау, белсенді әрекетке ынталандыру. 
Сонымен қатар облыс әкімі Елбасының «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттары мен ондағы ұсынылған шаралардың маңыздылығына тоқталды. 
- Біз бұл сараптамада әлемнің алдыңғы қатарлы болжау орталықтары және даму мәселелерімен шұғылданатын мамандардың пікіріне иек арттық. Ол түрлі есепке сүйенген жорамалдар мен сценарилердің, анықтала бастаған трендтер мен күшейіп келе жатқан факторлардың жиынтығы. Әрине, болашақты дөп басып болжау мүмкін емес. Түптеп келгенде, келешек қазір айтылып жүрген түрлі сценарилердің қосындысынан тұрады. Бірақ ертеңгі күннің негізгі қауіп-қатерлерінің алдын алу, олар туғызған мүмкіндіктерді толық пайдалана білу – бізге парыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Аймақ басшысы дәрісін «Өскелең ұрпақ жаңалық пен білімге құштар, ұлтқа жанашыр, адамгершілікке жақын, досқа адал, шаруаға мығым болса, тәуелсіз елдің де ұпайы түгел болады» деп қорытындылады.
Кездесу соңында студенттер аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: