Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ М.МЫРЗАҒАЛИЕВ АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ М.МЫРЗАҒАЛИЕВ АЙМАҚТАҒЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қызылорда облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады. 
Мағзұм Мырзағалиев, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі: 
Іссапардың мақсаты – Елбасымыздың халыққа арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру, қойылған міндеттерді талқылау, мүмкіндіктерді белгілеу болып табылады. Қызылорда әкімдігінің қолдауымен өткен 4 кездесуге қатыстым. Қызылорда жылу электр орталығында екі жүзден астам жұмысшылармен кездестім. Энергетика саласындағы электрмен қамту саясатын қайта қарастыру, инвестициялық бағдарламаларды озық технологияларға, «ақылды» жүйені дамытуға бағыттау қажеттілігін атап өттім. «Болашақ» университетінде алты жүзге жуық жоғарғы және арнаулы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық ұжымымен және студенттерімен кездестім. Үшінші жаңғырудың өзекті басымдықтарының бірі – дүниежүзілік деңгейге сай қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру маңыздылығын атап өттім. Тасбөгет кентіндегі кездесу барысында Жолдауға сәйкес ауыл тұрғындарына қандай мүмкіндіктер қарастырылғаны, шағын және орта бизнесті дамыту жолдары, мектептің білім сапасын арттыру бағыттары жөнінде баяндадым.
Сонымен қатар, вице-министр газбен қамту, электр жүйесімен жабдықтау, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту мәселелері, техникалық және кәсіби білім беру салаларында атқарылып жатқан жұмыстар мен Жолдаудағы дәстүрлі базалық салалардың дамуына серпін беру тапсырмасын орындау үшін технологиялық қайта жарақтандыру процестерін жүргізу кажеттігін атап өтті.
«Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдау барысында көбінесе газбен қамту және табиғи газды пайдалану сияқты тұрғындардың сұрақтарына жауап бердім, Қазтрансгаз – аймақ компаниясына газ мәселелері бойынша нақты тапсырма берілді, - деді М. Мырзағалиев. 
Сондай-ақ, ҚР Энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев аймақтағы энергетика саласының жұмыстарына қысқаша тоқталды. 2016 жылы облыс жоспары артығымен орындалды: мұнай өндіру бойынша 1,6% пайызға және газ өндіру бойынша 7,4% пайызға артық. Облысты газдандыру деңгейі 63,5% (бұл 485 мың адам), 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе көп және орта республикалық көрсеткіштен 18% жоғары. Биыл республикалық бюджеттен қосымша 500 млн. теңге Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралынан Жосалыға дейін газ құбырын салуға бөлінетін болады. Қызылорда облысының мұнай геологиялық барлауын дамыту туралы айтатын болсақ, 2017 жылы 3 учаске бойынша конкурс жоспарлануда. Қызылорда облысының жалпы энергия теңгерімін 65%-ға дейін ұлғайту үшін қуаты 50 МВт газ турбинасының блогын салу мәселесі пысықталуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: