Қызылорда облысы бойынша 43 тіректі елді мекен белгіленді. Ағымдағы жылы соның 8-і қаржыландырылды.
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Тірек елді мекендер тізіміне кірген Сексеуіл, Жанқожа батыр, Төретам, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Тасбөгет, Түгіскенді, қаржыландыруға республикалық бюджеттен - 2 458 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 2 352 млн. теңге, аудандық бюджеттерден – 815 млн. теңге бөлінді. Бүгінде 48 жоба жүзеге асырылды. Атап айтсақ, 144,1 шақырым жол жөнделді, 7 шақырым көшеге жарықтандыру жүргізілді. Бірнеше әлеуметтік нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.