Президент Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын. Қ
азақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 сәуір № 306