Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы Саламатов көшесіндегі су құбырында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мәлім етті.
«Ақмешіт» мөлтек ауданы, Салматов көшесі бойындағы су құбырының 10 метрден аса бөлігі жарылуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Апаттың күрделігіне орай, қалпына келтіру жұмыстарында қиындық туындауда. Осыған қарамастан, мамандар мүмкіндігінше аз уақытта ауыз су беру шараларын қабылдауда. Бүгін апат қалпына келтіріледі. Түсіністікпен қарауды сұраймыз!» делінген қалалық ішкі саясат бөлімі таратқан хабарламада.