Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Жанарбек Бақтыбаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Шығыс қазақстан облысында ішкі істер департаментінің тізгінін ұстады.
Ж.Бақтыбаев Қызылорда өңірінде басшылық қымет атқарғанға дейін Шығыс Қазақстанда қызмет атқарды. Облыстық ішкі істер департемнті бастығының бірінші орынбасары болды. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты әкімшілік полициясында есірткі бизнесімен күрес, есірткі тасымалдауды бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қызылорда ІІД-нің басшысы болып Жанат Сүлейменов тағайындалды.