Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

"Нұр Отан" партиясының билеттері табысталды

"Нұр Отан" партиясының билеттері табысталдыТұңғыш Президент күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар «Нұр Отан» партиясына қабылданды. Оларға билетті облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев салтанатты түрде тапсырып, енді жауапкершілік жүгінің тағы да артатындығын еске салды. 
- Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясы билікті халықпен барынша жақындастыра түсетін алтын көпірге айналуы тиіс» деген еді. Партия Лидері барлық нұротандықтарды саяси көшбасшылықты күнделікті істе дәлелдеп, қоғам өмірінің барлық бағыттарында алдыңғы орында болуымызды міндеттеген. Сіздер де осы сенімнің үдесінен толықтай шығасыздар деген үміттемін, - деді облыс әкімі.
Партия қатарына мүшелікке қабылданғандардың ішінде ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Алмас Өтешов, Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округінің әкімі Бахтияр Ахметов, Шиелі ауданы, Алмалы ауылдық округінің әкімі Болат Баймағанбетов, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария ауданындағы филиал директоры Айдос Серекеев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, PhD докторы Гаухар Танжарықова, Қызылорда облыстық наркология орталығының дәрігері Аман Тұрсынов, Байқоныр қаласы №14 орта мектебінің мұғалімі Зәуре Қалышова, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының консультанты Салтанат Бекжанова болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: