Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

"Б" КОРПУСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істкері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын өткізу тәртібін түсіндіру жөнінде семинар өткізілді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен облыстық басқармалардан 500-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Семинарда департамент басшысы А.Мұхимов аттестаттаудың кезеңдері мен мерзімі, аттестаттау комиссияларының деңгейлері мен құрамы, олардың қабылдайтын шешімдері жөнінде түсіндірме берді. Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: