Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

 

Бүгін, 1 ақпан күні Тереңөзек кентінде Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев халық алдында есеп берді. 
Кездесуге Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешов қатысты. 
Аудан әкімі Ғ.Қазантаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар барысын баяндап, осы жылға межеленген жоспарларымен бөлісті. 
Сырдария ауданы – аймақтағы алдыңғы қатарлы аудандардың бірі, соның арқасында жыл сайын ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктері үшін марапатталып келеді. 
2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жағынан да аймақта көш басында тұр. Ауданның бюджеті 7 млрд.354,6 млн. теңге, соның ішінде ауданның өз кірісі - 4 млрд. 328,6 теңгені құрады. Жаңадан әлеуметтік, әкімшілік нысандар бой көтеріп, жолдар салынды. Елді мекендерді көгалдандыруда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданда ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін тапқан. Биыл да жаңа жолдар салынып, жөндеу жұмыстары жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізіліп, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және экономиканың өзге де салаларын дамытуға ден қойылмақшы.
Есептік кездесу барысында аудан тұрғындарын қауынның «Торпеда» сортын Ресей Федерациясына экспорттау мәселесі қызықтырды. Мұнан бөлек, тұрғын үй құрылысы, елді мекендерді дамыту, Тереңөзек кентіндегі орталық стадионның жөндеу жұмыстары сияқты бірқатар өзекті мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: