Елбасының бесінші шақырылған ҚР Парламентінің мəжілісін тарату жəне депутаттарды кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қолдауға бағытталған идеологиялық актив жиналысы өтті.
Актив мəжілісіне кент, ауылдық округ əкімдері, мекеме,бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты. Мəжілісте аудан əкімі С.Ы.Мақашов: Келе жатқан сайлау еліміздің болашағы үшін аса маңызды саяси оқиға. Соған сəйкес, елге жанашыр барлық қоғамдық күштер келешек алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып осы шараға үлкен дайындықпен келуі тиіс. Сондықтанда алдағы сайлауда халықты біріктіріп, бір кісідей белсенді атсалысып, осы маңызды міндеттерді орындау үшін барлығыңызды жұмыла жұмыс жасауға шақырамын, - деді. Сондай-ақ мəжілісте сөз алған "Нұр Отан" партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күлжауһар Раева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдəулетов, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кəсіподақ ұйымының төрағасы Владимир Шерғазин, жеке кəсіпкер Балахан Балмаханов жəне "Жастар ресурстық орталығы" Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы, аудандық мəслихат депутаты Мұхтар Ибраев саяси науқан жөнінде өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.