ЕВГЕНИЙ КИМ – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қызылорда облысы активінің отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм салаларына жетекшілік жасайтын жаңадан тағайындалған орынбасары Ким Евгений Германовичті таныстырды.
Е. Ким 1975 жылы Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде туылған.
Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті мен Қоғамдық ғимараттар институтының аспирантурасын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы болып бастаған. 2001-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болған
2004-2006 жылдары «Жетісу» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, қаржы-аналитикалық департаментінің директоры, вице-президенті лауазымында болды.
2006-2010 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің экономика жөніндегі кеңесшісі, 2010-2012 жылдары «Ларими Инвест Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарған.
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болды.
2013 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.