Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

20 қазан күні, актив отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен және облыс әкімінің келісімімен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне тағайындалған Мұхитов Қайрат Болатұлын таныстырды. 
Қ.Мұхитов 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1987 жылы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды қаласындағы жоғарғы мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысы, Балқаш аудандық ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл қызметінен бастаған. 
1990-2012 жылдар аралығында Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қалаларының ішкі істер органдарында жауапты қызметтерде болған. 
2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы, 2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: