Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

20 қазан күні актив отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестеріне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған Делмұханов Марат Нұрсайынұлын таныстырды. 
М.Делмұханов 1979 жылы туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «бухгалтер-экономист» және «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының бас маманы болып бастаған, «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2002-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім меңгерушісі және облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2010-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі және аппарат басшысының орынбасары. 2013-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 
Қызылорда облысы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: