2016 жылдың 17-18 қарашасында Қызылорда облысында кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – өңір компанияларының шетелдік және отандық инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын диверсификациялауда және жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызу болып табылады.
Инвестициялық форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, сондай-ақ, бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытайдың халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Форумға Әзірбайжанның, Белорусь мемлекетінің, Бельгия Корольдіктерінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы қатысты.
Осы ретте, Форум жұмысына «Қашаған» кен орнын игеру жобасының негізі операторы «NCOC» компаниясының делегациясы да қатысқандығын айта кеткен орынды.
Кезекті инвестфорум аясында «Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері», «Инвесторлар үшін жаңа келешек» тақырыптарында пленарлық отырыстар мен «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясы», «B2B кездесу форматындағы халықаралық ынтымақтастық» бағыттары бойынша секциялар жұмыс жасады.
Пленарлық отырыс барысында қаржы институттары шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған жаңа ұзақ мерзімді инструменттерін таныстырды, сондай-ақ, экономиканың басымдыққа ие салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жергілікті кәсіпкерлердің Форумға қатысушы 11 елдің өкілдерімен B2B кездесулері өткізілді. Форум қорытындысымен 10-нан аса меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.