Бүгін М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Аталған шараны аудан әкімі Ғалым Әміреев ашып, құттықтау сөзін арнады. Салтанатты мерекеге орай ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы №319 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібі бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.
Аталған мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.