Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

САПАНЫ АРТТЫРУ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

САПАНЫ АРТТЫРУ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің орталығында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ерқанат Кеулімжаев 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. 
Брифинг барысында Е.Кеулімжаев департаментке берілген мемлекеттік бақылау саласындағы қызметтер мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу, мемлекеттік рәміздер лицензиаттары жұмысын бақылау, тауарлардың шығу тегі сертификаттарын беру саласындағы қызметін бақылау, аккредиттелген сәйкестікті растау органдары, сынақ зертханалары мен салыстырып тексеру зертханалары мен қызметтерін бақылау секілді бағыттары бойынша жүргізетінін айтып өтті.
– Өткен жылы департамент барлығы 51 іріктеу тексерулерін жүргізді. Оның 36-да заңбұзушылықтар анықталып бұл барлық тексерулердің 70,6 пайызын құрады. Тексерудің нәтижесімен 37 әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралып, барлығы 5260080 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды. Тексерулер қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 395 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым салу жөнінде 36 ұйғарымдар берілді, – деді ол.
Сонымен бірге, департаментке 2017 жылдан бастап «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты осы салаға қатысты мемлекеттік бақылау функциясы беріліп, жұмыстар атқарылатын болады. 
Департамент мамандарымен облыстың өнім өндіруші кәсіпорындары арасында шығарылған өнімдерді каталогтау жүйесіне енгізу жөнінде жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға сай, облыс кәсіпорындары шығарған 83 өнімдерін катологтау жүйесіне ендірілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: