Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Аралда Елбасының замандастары ұлықталды

Аралда Елбасының замандастары ұлықталдыАрал аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ел тірегі - Елбасы» атты салтанатты шара өтті.
Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің басты мақсаты - қоғамдағы елдің Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі уақытта және болашақта іргетасы болып табылатын Мемлекет басшысының идеясы мен саясатының айналасына бірігу болып табылады. Мемлекет Әнұранынан басталған салтанатты жиында қатысушылардың назарына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы фильм ұсынылды. Аудан әкімі Абзал Мұхимов бұл күннің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен бірге аудандағы Елбасымыздың замандастарына яғни 44 ардагерге аудан әкімінің Алғыс хаты және «Қайраткер Ардагер» номинациясы табыс етілді. Сонымен қатар, аудандық Орталық мешіттің бас имамы М.Әбіштегіне су жаңа «Нива» автокөлігінің кілті табысталды. Шараның жалғасы қиын қыстау заманда елдің еңсесін түзеуіне, ауданның дамуына елеулі үлестерін қосқан Елбасының замандастарына арнайы дастархан жайылып, ас берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: