Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысынан коронавирус анықталды 

Польшаның спорттық порталдарының бірі Краковтағы "Висла" клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуковтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ
Хабарланғандай, Висла Краков пен Лехия Гданьск арасындағы жоспарланған матч өтпейтін болды. Көп ұзамай кездесуді тоқтатудың себептері жайлы жаңа мәліметтер пайда болды.
Польшаның 2х45 спорттық порталының хабарлауынша, Забжедегі команда жеңіліске ұшырағаннан кейін толық құрамдағы ойыншылар COVID-19-ды анықтайтын тесттен өткен болып шықты. 
"Кейіннен вирус бірнеше адамнан анықталды. Олардың арасында Георгий Жуков та бар. Ол үзіліс кезінде жоғары температураға байланысты ойыннан шықты. Алайда кездесуге дейін қазақстандықтың тест нәтижесі теріс болған" , - делінген хабарламада. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: