Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

ҒАЛЫМДАР ЖЕРДЕ 2 МИЛЛИАРД ЖЫЛДАН БЕРІ ӨЗГЕРМЕГЕН СУДЫ ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР ЖЕРДЕ 2 МИЛЛИАРД ЖЫЛДАН БЕРІ ӨЗГЕРМЕГЕН СУДЫ ТАПТЫ

 

Мамандар тереңдігі үш шақырымнан асатын Кидд шахтасын зерттеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Үш жыл бұрын осы жерден 2,4 км тереңнен оқшау қалған су қоймасын тапты, оның жасы 1,5 млрд жыл екендігі белгілі борлды. Қазір ғалымдар бұдан тереңіректе ұзақ уақыт сақталған судың бар екендігін анықтады. Соңғы жолы 3 км тереңде табылған көне қоймадағы су 2 млрд жыл сақталып келген, деп жазады Science Alert.  Судың құрамындағы газдарға сынама жасалып (гелий, неон, аргон, ксенон) ғалымдар оның жасы 2 млрд жылға тең деген тұжырым жасады. Бұл су тұйық күйінде сақталған. Әзірге оның құрамынан тірі ағзалар табылмады. Алайда онда миллиардтаған жыл бұрынғы микробтардың өмір сүруі жоққа шығарылмайды. Бұл Жерде зерттелмеген тіршілік аумағы бар екендігін ғана көрсетіп қоймай, басқа планеталарда да осындай тұстардың табылатынын көрсетеді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: