Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

ПЕРОВСК УЕЗІНДЕГІ ЕГІН ЕГУ УАҚЫТЫ


Перовск уезінде жергілікті халық Сырдария өзені арнасының таситын уақытын егін егуге тиімді пайдалана білді.
Ғалымның жазып алған мәліметі бойынша, су тасқыны уақытына қарай егін уақыты 7 кезеңге бөлінген:
сәуір тасу - 25 наурыздан сәуірдің басына дейін, арпа мен бидай себілетін уақыт;
гүл шалдық – мамырдың басынан 7 күнге созылады, бидай, арпа, жоңышқаға су жіберіледі;
гүл уақыт – ағаш гүлдейтін уақыт, мамырдың орта кезінен 15 күнге созылады, бидай, арпа, бақша және жоңышқалықты суарады;
тайлақ тасу – 5 және 10 маусым аралығында, судың қатты жылдамдықпен таситын уақыты, 10 күнге созылады, тары егілетін уақыт;
шұлғау тасу – шілденің аяқ кезінен тамыздың басына дейін, астық жинауға қолайлы уақыт;
қарақұйрық тасу – тамыздың 5-нен 5 күнге созылады, қарақамыстың гүлдейтін уақыты;
сүмбіле тасу – тамыздың соңы, жоңышқа суғаруға пайдаланылады.
Қазақтардың мал шаруашылығымен қатар айналысқан кәсібінің бірі – аңшылық. Сыр бойында ол жеке кәсіп болған жоқ. Олар малдың бабын жасаумен қатар аңшылық етті. Зерттеуші бұл тақырыптағы көлемді мақаласында Сыр бойында қалыптасқан аңшылықтың ит қосу, қақпан құру, қуалап аулау, ор қазу, тұзақ құру сияқты әдіс-тәсілдерін қамтыған. Ғалым Қызылорда қазақтары айналысқан қосалқы кәсіп, балық шаруашылығы мәселесіне де көңіл аударған. Г.С.Загряжский қазақ қоғамында қолөнердің алатын орны ерекше екендігін, халық шеберлері мен ұсталарының әр ауылда кездесетіндігін жазып кеткен.
Сондай-ақ, ағаш өңдеу, киіз басу, тері илеу, қамшы өру, арқан есу, сабын қайнату, жүн бояу, жүн сабау, оқ-дәрі құюдың дәстүрлі технологиясын жан-жақты ашып көрсетілген. Сыр қазақтарының жосын-жоралғыларын да бақылап, нәтижелерін жариялап отыруды көздеген. Ол қазақтардың адамды ең ақырғы сапарға шығарып салу рәсімінің атқарылу жолдарын қарастырып, алғашқы болып «Туркестанские ведомости» газетінде жариялаған.
«О направлении торговых путей в Туркестанском крае» атты мақаласынан Қызылорданың үстінен өтетін сауда жолдарымен қатар қала қазақтарының да сауда ісіне араласуы, саудагерлікке қатысты кәсіпшіліктердің дамуы мәселесіне қатысты деректер алуға болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: