Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Алаштың ардақтысы - Асан қайғы

Асан Қайғы 14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басында өмір сүрген жырау. Асан Қайығының құрметіне 16 ғасырда Қызылорда облысының қазіргі Шиелі ауданының аумағында Асан ата кесенесі тұрғызылды.
Асан Қайғы Алтын Орданың ханы, кейіннен Қазан хандығының негізін қалаушы Ұлы Мұхаммедтің ең ықпалды тұлғаларының бірі болған. XV ғасырдың 50-ші жылдары ол Шығыс Дешті Қыпшақ даласындағы саяси күресте Әбілқайыр ханның қарсыластары, 1456 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың жақтасы болды. Ол жаңа хандықтың идеологы және барлық қазақ тайпалары мен руларын біріктірудің жақтаушысы болды.
Асан Қайғы тұрмыс мәселеріне тереңінен үңіле жырлаған данышпан әнші-жырау. Осыған орай, оның шығармашылығында: толғау, терме, нақыл сөздер мен афоризмдер секілді философиялық және дидактикалық жанрлар басты орын алды. Оның шығармаларын Шоқан Уәлиханов, Потанин секілді шығыстанушы-ғалымдар және белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев және тағы басқа ғалымдар жинаумен айналысқан. Асан Қайғының поэтикалық мұрасы XIX ғасырда жариялана бастады, оны зерттеуде Совет жазушылары Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезов және тағы басқа жазушылар маңызды үлес қосты.
Асан Қайғы тарихи тұлға болғанына қарамастан, аңызға айналған керемет мифологиялық сипатымен халық жадында қалды. Оның есіміндегі «қайғы» атауы Асанның Ертістен өзен сұлтанының қызын аулап алуымен байланыстырылады. Асан қайғы ол қызды әйелдікке алуы керек еді. Бірақ, ол өзен ханшайымының белгілі бір шарттарын орындамағандықтан, ол аспанға ұшып кеткен деседі.
Ал көпшілікке танымалы Асан Қайғының жері шұрайлы, жайылымдары көп, өзендерінің суы сарқырап аққан, климаты жұмсақ, жануарлары мен балықтары көп, адамдары қайғы-қасіретсіз, қажеттіліксіз, арамдық пен қанаушылықсыз өмір сүретін арманындағы Жерұйық жерін іздестірген аңызы. Бұл әлеуметтік-утопиялық аңыз ХІІ ғасырдың ортасында Алтын Орданың және Ақ Орданың құлдырауынан кейін жандандырылған азаматтық жанжалдардың шығыс Дешті-Қыпшақтан Батыс Жетісу өзендеріне дейінгі қазақ тайпалары мен руларының жаппай қоныс аударуына әкелген нақты тарихи жағдайды бейнелейді. Асан Қайғы осы қозғалысты басқарған сұлтандардың бірі Жәнібектің кеңесшісі болған, осылайша ол халық санасына бақытты жердің ізденушісі, халықтың жаңа өмірге деген үмітін жеткізген жанашыр адам ретінде кірді. «Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінге «Ел айырылған», «Асан қайғы», «Желмая-ның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен. «Ел айырылған» күйін оралдық Ғұбайдолла Мұхитовтың тар-туында алғаш рет А.Затаевич нотаға түсірген екен. Сондай ақ толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Мұқас Құсайыновтың тартуында  Мерғалиев нотаға түсірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: