Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Он бесінде көзге түскен Сартай батыр

Сартай Байжанұлы (1711 – ө.ж.б.) - Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан батыр. Сартай туралы ақын Нұрмағамбет Қосжанұлы 1937 жылы «Сартай батыр» деген дастан жазып шығарған. Онда Сартайдың мың баладан жеке топ құрып, Әбілқайыр ханның ізіне еріп, Бұлантыдағы ұрысқа қатысуын баяндайды.
Әкесі Байжан биден бата алып, ізіне мың баладан құралған топты ертіп, Ордабасыға жеткен он бес жасар Сартайдың көзге түскен жері осы еді. Халықтың басына қара күн туып, жан алқымға таялғанда, үш жүздің ұлдары Ордабасына жиналған. Жау іргесінде тұрғанның өзінде бас қосқан қазақ қолының әскербасшысын саулау жөніндегі айтыс-тартыс екі аптаға созылады. Бұл кез жасы отыздан жаңа асқан Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың бағы өрлеп тұрған күндер еді. Сөйтіп, қазақтың біріккен қолының бас сардары Әбілқайыр бастаған қалың қол жауға аттанады.
Әбілқайыр қалың қолдың алдында халықтың басына төнген қара бұлттың мәнін түсіндіріп, азаттық үшін шайқасқа жігерлендіреді:
Айналайын қазағым,
Басың бүгін торда тұр!
Ұл мен қызың қорда тұр!
Жан-жағы жау қайран ел,
Тәлтіректеп зорға тұр.
Көнбесендер осыған,
Қан ағады жосыған.
Жауға шабар ер бүгін,
Жан пидаға қосылған.
Арамзамен айқаста,
Ажал сілтеп, жай таста.
Арыстандаралға ұмтыл,
Жерің үшін шайқаста.
Жауға жақындағанда жау зеңбіректен оқ жаудырып, қазақтың қолын біраз шығынға ұшыратады. Осы сәтте қазақ әскері жақтан бір топ бөлініп шығып, жоңғарлардың сапын қақ бөледі. Бұл топтың Сартай бастаған қазақ балалары екенін көрген қазақ батырлары ұрандап соғысқа ұмтылады. Жасөспірім балалардың ерлігі жігерлендірген қазақ қолы жоңғарларды тас-талқан етеді.
Жас Сартайдың Аңырақай шайқасына да қатысқанына күмән жоқ. Жорыққа аттанарда әкесі Байжан би: «Бол жорық ауыр болады әрі әлденеше жылға созылады. Жаныңа ерткен балалар сол жорық үстінде ер жетіп, кейін елін қорғайтын хас батырлар болады», - деген еді. Осы сапар Сартаймен бірге болған Жылқайдар, Жылқаман, Шүкірәлі, Сырғақ есімді балалар кейін елін-жерін қорғаған үлкен батырлар болады.
Сартайдың есімі Орынбор мұражайларындағы құжаттарда жиі кездеседі.

Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: