Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Құрақ батыр

Құрақ Азатұлы 1810-1882 жылдары Қызылорда облысының Сырдария ауданы мен Қостанай өңірінде өмір сүрген. Құрақ батырдың тегі – Кіші жүз. Алшын – Байұлы – Жаппас – Жылкелді аталығынан. Батырдың бейіті Сырдария ауданына қарасты Іңкәрдәрия мен Ақарық ауылдарының ортасында, бұрыңғы Қарақасқа жеріндегі Қарарықтың басында жатыр, күмбезі құлап кеткен.
Құрақ батыр – Қоқан хандығының озбырлығына қарсы шыққан батырлардың бірі. Төртбақ денелі, жауырынды, қайратты кісі болыпты (батырдың көзін көрген Ыбырай ақсақалдың баласы Самұраттың айтуы бойынша). 9 жасында Құрақты нағашысы Керей Әкім Үкім өз тәрбиесіне алады. 1825 жылы Бұқар жақтан қоқандықтардың бір қолы келе жатқан жөнінде хабар келеді. Бұл кезде Құрақ батыр 15 жаста екен. Қоқандықтардың алдында атақты бір палуаны 40 құлаш арқан сауытын байлап шығады. Сонда Әкім Үкім жекпе-жекке жиенін шығарады. Алып денелі Қоқанның батырын көріп Әкім Үкім: «Ой, өзім шығуым керек еді. Мына баланың омыртқасы әлі қатпаған ғой, бекер шығардым, енді мен апама не деймін», - деп ойланып қалыпты. Құрақ батыр жекпе-жекке Қоқанның батырын найзамен түйреп өлтіріп, аттан құлатып жібереді. Қарап тұрған қоқандықтар қашып кетеді. Осыдан кейін Құрақ батырдың аты қазақ еліне тарай бастайды.
Құрақ батыр Ислам дінін берік ұстаған кісі. Елінде батырды құрметтеп, әулие санаған. Ол өз қаражатынан мешіттерге көмек беріп тұрған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: