Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

БАС ҚАЛА БОЛҒАН ӨҢІРМІЗ


Қызылорда 1925-1929 жылдарда Қазақстан астанасы болды. Бұл уақытта қалада ауқымды істер атқарылды.
Тарихтың жарқын беттері ашылып, шаһар тұрғындарының саны 22577 адамға жетті.
Сыр жағасындағы шаһар өмірге жаңа қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс ошақтарының іргетасы қаланды. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаты, сыра зауыты мен басқа да артелдердің қатары көбейді.
Бұрын қалада батпақтан соғылған тамдар көп еді. Енді олардың орнына жаңа үлгіде салынған үйлер бой түзеді. Қайда барсаң да қарқынды құрылыс жүріп жатты. Бұл кездері орта және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты, қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ, ең алғаш рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, мал дәрігерлік-бактериологиялық және басқа да институттары өз жұмысын Қызылордада бастады.
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: