Польшада микрофонды шатастырып алған министр ұятқа қалды (видео)
Польшаның Қорғаныс министрі Томаш Семоняктың баяндама жасау үшін мінберге шыққанда микрофонды жарық түсіретін шаммен шатастырып алды.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видео интернетте қызу талқыға түсті деп жазады "РИА Новости".
Жыл сайын өткізілетін әскери басшылардың кеңесінде сөз сөйлеген Томаш Семоняк баяндамасын бастар алдында микрофонды өзіне қаратқанның орнына шамды көтеріп, бетіне жарық түсіріп қойған.