Facebook WhatsApp Instagram

Бейнебаян

0

ҚЫТАЙ КӨРШІМІЗ КӨКӨНІСТІ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ? (ВИДЕО)

 

"Қамшы" порталы бұған дейін де, көршіміз Қытай өндірушілерінің азық-түлік өндірісінде қандай қитұрқылықтарға баратыны туралы жазған болатын. 
"Егемен Қазақстанда" бірнеше жыл бұрын қытайлық азық-түлікке қатысты мәселе көтерілген. Онда "«Астана азық-түлік белдеуін» қалыптастыруға мемлекет қоржынынан миллиондаған қаржы бөлінді, нақты бағдарламалар жасалынып, жан-жақты қолдау көрсетілді. Бірақ «баяғы жартас, бір жартас» дегендей, Астана қаласының азық-түлік қорына сол азық-түлік белдеуінің қосқан үлесі мардымсыз. Қыруар қаржы құмға сіңген судай қайтарымсыз кетті. Бас қаланың базарлары мен дүкен сөрелері сол баяғысынша Қытайдың көкөнісі мен Ресейдің сүт ұнтағынан жасалған өнімдермен сауданы сапырып жатыр", - деп жазады бас газет.  Тек, Астана ғана емес, Қазақстан нарығында, әсіресе қыс айларында қытайлық көкөніс пен азық-түлік өнімдері мыңдаған тонналап сатылатыны жасырын емес. "Қамшы" порталы оқырмандарын базарда емін-еркін саудаланып жатқан сапасыз "Азық-түлік" өнімдерінен сақ болуға шақырады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: