Facebook WhatsApp Instagram

Бейнебаян

0

ФРАНЦУЗ МИШЕЛЬ ЛОЛИТО 9 ТОННА МЕТАЛЛ ЖЕГЕН ЕКЕН (ВИДЕО)

 

Француз азаматы Мишель Лотито әлемге темір-терсек жейтін әдетімен танылды. Оның бұл әдеті әлі күнге дейін көпшілікті таңғалдырып келеді.
Ол 1950 жылдың 15 маусымында Францияның Гренобль қаласында дүниеге келген. 2007 жылдың 25 маусымында сонда өмірден өтті. Ерекше адам Францияның эстрада әртісі қызметін атқарды. 
Алғаш рет ол тоғыз жасында әйнек стаканды жеп таңғалдырған. Жұртшылық алдына тек 1966 жылдан бері шықты. Темір-терсекке қомағай азамат велосипед, супермаркет арбалары, телевизор секілді дүниелерді жеген. 
Оның айтуынша, мұндай заттардан оның денсаулығына зиян келмеген. Тіпті, олардың арасында өте зияндылары бар болған көрінеді. Лотито тәулігіне кем дегенде 900 грамм органикалық емес заттарды пайдаланған. Ол 1959-1997 жылдар арасында 9 тонна металл жеген екен. Рның асқазаны қарапайым азаматтардан екі еседей үлкен болған көрінеді. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: