Facebook WhatsApp Instagram

Бейнебаян

0

4 ЖАСАР ҚЫЗ 7 ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙДІ (ВИДЕО)

 

4 жасар мәскеулік Бэлла Девяткина әлемнің жеті тілінде сөйлейді (орыс, ағылшын, француз, испан, араб, қытай, неміс). Ол 2 жасынан бастап анасымен бірге тілдерді меңгере бастаған. Күнделікті шет мемлекеттің мұғалімдерінен сабақ алады, деп хабарлайды 
baq.kz.
«Удивительные люди» шоуында Бэллаға шет тілдерінде сұрақтар, мәтіндер мен тапсырмалар берілді. Арманындағы сыйлығын алу үшін ол қойылған талаптардың бәрін еш қиындықсыз орындап шықты.
Оның фантастикалық мүмкіндіктері ешкімді бейжай қалдырмады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада тұратын «калькулятор бала» ресейлік телешоудың қазылар алқасы мен көрермендерін таңғалдырған болатын. 10 жастағы Ілияс математикалық есептерді шемішкеше шағады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: