Facebook WhatsApp Instagram

Бейнебаян

0

Суретші Шүкеновтің бейнесін құммен салып шықты (видео)

Суретші Шүкеновтің бейнесін құммен салып шықты (видео)Қазақстандық суретші әрі әнші Мәди Бекдаир Шүкеновтің бейнесін  бір минут ішінде құммен салып шықты деп жазды lada.kz.
Суретші өз Facebook парақшасында туындысына келесі сөздер келтірген:
"Бір күні таңертең мені телефон қоңырауы оятты. Телефоннан Майклдың қазасы туралы хабар алдым. Бүгін де сондай жағдай қайталануда. Неткен орны толмас қайғы! Не себепті ең жақсы адамдар кетіп жатыр? Оның шығармашылығымен менің балалық шағым мен жастығым өтті! Біз оның әндерін әруақыт орындап жүретін едік! Біз оны қашанда есімізден шығармайтын боламыз!”, – деп жазды Бекдаир.
Мәди Бекдаир – Sand Art құммен сурет салу өнерін танымал әндердің орындаумен қатар алып жүретін әнші.
Естеріңізге салсақ, қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов өмірінің 53 жасында Мәскеуде 29 сәуірге қараған түні қайтыс болды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: