МЕЙРАМБЕК ПЕН ТОҚТАРДЫҢ ДАУСЫН АЙНЫТПАЙ САЛҒАН ЖІГІТ ЖЕЛІНІ ШУЛАТТЫ (ВИДЕО)
Жастай сахнаға шыққан Алтынбек Қоразбаевтың шәкірттері Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіков бүгінде қазақ эстрадасының сөнбес жарық жұлдыздарына айналды, деп жазады alashainasy.kz.
Әйткенмен өнер майталмандарына пародия жасаған мына бір жігіт жұртты таңқалдырды. Ол Мейрамбек пен Тоқтар жас кездерінде шырқаған «Жан ана» әнін қос әншінің даусына салып орындап шықты. Желі қолданушылары жас дарынның талантты екенін айтып, алғысын жаудырды.