Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент еліміздегі ең жылы шаһардың бірі.
Дегенмен, онда түрлі ауа-райы кездеседі. Кейде қаһары қатты қыс та болып тұрады. Жақында қалың қар да жауған. Күн жылынып, еріп те кеткен жер бар. Алайда мына видеода таяқ тастам жердегі табиғат құбылысының өзгешелігіне таңғалуға тура келеді. Ташкент тас жолының бір жағында қар тұрса, екінші бетінде ешқандай қар жоқ. Бұл көпті таңғалдырды.