» » ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Айдар: Денсаулық / Сонғы жаңалықтар
ҚАЗАЛЫДА АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов жедел-жәрдем бекетінде аудан дәрігерлерімен кездесті. 
Жиында денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиын барысында ақ халаттылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген Н.Шамұратов биыл Әйтеке би кентінен жалпы құны 4 млрд 285 млн. теңге құрайтын 150 орындық аудандық аурухана құрылысының басталатын хабарлады. 
Сондай-ақ, бүгінгі өзекті мәселелердің бірі санавиацияға байланысты жер телімі белгіленіп берілгендігін, жоба дайындалса құрылысын қаржыландыру жергілікті бюджеттен қарастырылатындығын жеткізді.