» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН

Айдар: Денсаулық / Сонғы жаңалықтар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕНЖүргізілген қарқынды жұмыстарға байланысты туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова хабарлады. 
- Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2015 жылдың 10 айымен салыстырғанда 6,7%-ға, (2015 жылы – 62,3, 2016 жылы – 58,1, мақсатты индикатор -70,6, ҚР -54,2), өлім-жітім көрсеткіші 16,7%-ға (2015-3,6; 2016-3,0; мақсатты индикатор – 4,0; ҚР – 3,2) төмендеді. Алғаш рет анықталған сезгіш туберкулезбен ауыратындарды емдеп шығару көрсеткіші 86,7%-ды (ДДҰ бойынша 85% төмен болмау керек, нысаналы көрсеткіш 85%, ҚР 87,0) құрады. Туберкулез ошағындағы барлық балалар уақытылы тексеріліп, диспансерлік есепке алынған,- деді Ақмарал Әлназарова.
Ошақтағы мектеп жасына дейінгі балалардың барлығы 100% пайыз оқшауланған. Туберкулезге шалдыққан науқастардың әлеуметтік жағдайының ем нәтижесіне ықпалы зор. Қазіргі таңда амбулаториялық деңгейде ем алатын науқастарға берілетін республика бойынша ең жоғары әлеуметтік көмек Қызылорда облысында. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 133,1 млн. теңге қаржы бөлінді.