» » Ұлыбританиядағы жылқының алып бейнесі (СУРЕТ)

Ұлыбританиядағы жылқының алып бейнесі (СУРЕТ)

Айдар: Суреттер сөйлейді / Сонғы жаңалықтар
Ұлыбритания құрамындағы Уэльс елінің Кайрфилли елді мекеніне жақын тұстағы жер бетіне салынған ерекше бейне бар. Дизайнерлер оны "Сұлтан" деп атайды. Бұл дүниені жасауға 60 мың тонна сланстық көмір жұмсалған. Оның ені 200 метрге жуықтайды.

 

Ұлыбританиядағы жылқының алып бейнесі (СУРЕТ)

 

Аталмыш туынды неге орнатылды? Оны жасауға ұйтқы болған азаматтар жылқының пит-пони түріне арналғанын айтады. Жануар 19-20 ғасырларда шахтада көмір тасуға пайдаланылған.  Олардың барлығы ауыр жұмыс салдарынан ерте өліп қалған. Бар-жоғы 3 жылдай ғана өмір сүрген. Егер бостандықта болса 20 жылға дейін жасайды. 

 

Ұлыбританиядағы жылқының алып бейнесі (СУРЕТ)

 

Ұлыбританиядағы жылқының алып бейнесі (СУРЕТ)

 

Сондықтан жылқының аталмыш түріне осындай ескерткіш орнату көптен бері ойластырылған. Шахтада ауыр жұмысқа жегілген жылқыны жергілікті жұрт осылайша еске алуды жөн санаған екен.