» » ДИМАШ ЕНДІ САХНАҒА ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ КИІММЕН ШЫҒУЫ МҮМКІН

ДИМАШ ЕНДІ САХНАҒА ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ КИІММЕН ШЫҒУЫ МҮМКІН

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

 

Қытайдағы I Am a Singer ("Мен әншімін") байқауына қатысып жатқан әнші Димаш Құдайберген осы өнер сынағының алдағы кезеңдерінде әлем-жәлем киіммен шығуы мүмкін. Оның әкесі жұртты осыған түсіністікпен қарауға шақырды.
Димаштың әкесі, белгілі әнші Қанат Айтбаев бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.  
"Сахналық образ деген ұғым бар, яғни актер белгілі бір кейіпкерді ойнағанда образға енуі керек. Мысалы, актер Алдар көсенің немесе жат планетадан келген келімсектің, болмаса, орта ғасыр ханзадасының рөлдерінде ойнауы мүмкін. Сол кезде костюмерлер, гримерлер, стилистер ойнайтын рольге шынайылық беру үшін арнайы киімдер, гримдер қолданады... Әнші - актер. Әсіресе, байқауға катысқан кезде айтылатын шығарманың мән-маңызын ашу үшін стилистер бар күшін, білімін қолданады. Ермек Серкебаев қазақ әншілерінің эталоны болды. Сахнаға түрлі бояумен шыққан кездері аз емес. Сол сияқты Димаш "Мен әншімін" сайысының әр кезеңінде түрлі образда - ретро стиліндегі жас жігіттің, рок стиліндегі батыс әншісінің немесе әлем-жәлем киінген, бет-ауызы боялған дракуланың рөлдерінде шығуы мүмкін. Оған өнерге деген сауатты көзқараспен қараған адам өз бағасын дұрыс береді деп ойлаймын" дейді Қанат Айтбаев.