» » 1960-1970 ЖЫЛДАРДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

1960-1970 ЖЫЛДАРДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

Айдар: Тарих / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласында 1960-1970 жылдарда өндіріс орындары көптеп ашыла бастады. Тоқылмайтын маталар және «Ісмер» тігін фабрикалары іске қосылды. Қаладағы №6 жылу-электр орталығында 4-кезең құрылысы аяқталып, бір ауысымда 2,5 тонна өнім шығара алатын ұн зауыты, Қызылорда вагон жөндеу зауыты жаңадан пайдалануға берілді. Бұған қоса 80-жылдары қала аумағы кеңейіп, «Сәулет», «Ақмешіт» және «Мерей» шағын аудандары бой көтерді.
1960-1970 жылдары қала көлемінде күрделі құрылыс, әсіресе, мелиорация саласы дамыды. Бұған плотинаның іске қосылуы ерекше серпін берді. Сол жылдардағы үлкен өндірістік құрылым саналатын «Главриссовхозстрой» басқармасының құзырында 5 құрылыс тресі, 13 құрылыс монтаж бөлімшесі, 59 жылжымалы механика-колоннасы жұмыс істеді. Басқарма бір жыл ішінде 1 млрд. 489 млн. сомның жұмысын игерді, суландыру жүйесі қарқын алды.
Дәл осы кезеңде облыс күріш өндіруден Одақта екінші орынға шықты. Алып дарияның жағалауы инженерлік жүйеге келтіріліп, Сыр даласы қызу еңбектің көрігіне айналды.