Facebook WhatsApp Instagram

0

ЕРМАХАН ИБРАИМОВ, СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: ҚАЗАҚ СПОРТЫНА ӨЗГЕРІСТЕР КЕРЕК

ЕРМАХАН ИБРАИМОВ, СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: ҚАЗАҚ СПОРТЫНА ӨЗГЕРІСТЕР КЕРЕК

 

Бүгінгі таңда қазақ спортын одан әрі дамытуға Мәдениет және спорт министрлігі көптеген игі іс-шараларды атқарып жатыр.
Солардың бірі спорт заңдарын қайта қарап, өзгертулер жасап, спортшыларымыздың мүддесін, құқығын қорғаудағы, сондай-ақ, жоғары жетістіктерге жетудегі барлық талаптарын заңды түрде жүзеге асруды көздеп отыр. Осыған орай бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов өз пікірін білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Қазақ спортына өзгерістер керек екені белгілі. Осыған орай спорт саласында «Бұл заңға енгізілгелі отырған жаңа өзгерістерді мен өз басым толық қолдаймын. Ешкімге де жасырын емес қой, қазір бізде кей өңірлер сол жердің климаттық жағдайы, спортшыларының деңгейіне сай келмейтін спорт түрлерін дамытуда. Керісінше сол аймақта дамуына толық мүмкіндігі бар спорт түрлеріне көп көңіл бөле алмай отыр. Бұл жолғы заңға енгізілетін өзгерістер осы мәселені шешуге бағытталған. Парламенттегі халық қалаулыларының талқысынан өтіп, тағы да бірқатар жақсы өзгерістерді сол кісілер ұсынады деп үміттенемін. Жалпы, қорытып айтқанда осы өзгерістер отандық спорт саласының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын», - деді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: