Facebook WhatsApp Instagram

0

ЖАПОНИЯДА ДӘСТҮРЛІ ҚАР МҮСІНДЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ЖАПОНИЯДА ДӘСТҮРЛІ ҚАР МҮСІНДЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

 

Жапонияның Саппоро қаласында дәстүрлі қар мүсіндер фестивалі басталды деп жазады 24.kz
Осымен 68-ші рет өтікізіліп отырған шарада 200-ден астам туынды көрермен назарына ұсынылды. Олардың арасында қонақтардың ерекше көз жауын алған Париждегі Триумфалды қақпаның көшірмесі бар. Өйткені биіктігі 17, ал ені 24 метрге созылған сәулет туындысы өзгелеріне қарағанда көзге бірден түседі. Шеберлер дарбазаның алдына Францияның туын да тіккен. Осымен қатар қарлы қалашық ішінен компютерлік ойындар мен кино қаһармандарын және әлемге танымал саясаткерлер мен өнер қайраткерлерін де көруге болады. Бір мүсінші АҚШ президенті Дональд Трампты, енді бірі ғаламторда түрлі бейнеклиппен әйгілі болған жапондық Пико Тароны сомдаған. Фестиваль бір аптаға созылды. Оған 2 миллионнан астам адам қатысқан болатын.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: