Facebook WhatsApp Instagram

0

Бірінші қаңтардан кімдерге кредит беруге тыйым салынды?


2020 жылдың қаңтарынан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы, микроқаржылық қызмет пен салық салуды реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң күшіне енді деп жазады
Sputnik.
Жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит берілмейді.
2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілді. Яғни, табысы осы сомадан аспайтындарға кредит беруге тыйым салынды.
Бұған қоса, жұмыссыздар да кредит ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет.
Бұл азаматтар кредитке белшесінен батпауы және тұтынушылық кредиттер өсімінің оңтайлы қарқынын қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап банктерге азаматтардың кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткен жағдайда, комиссия есептеуге тыйым салынды. Бұл жаңашылдық кепілсіз берілетін тұтынушылық кредиттер бойынша қарыздың тұрақты өсуін шектеуге ықпал етеді деп көзделген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: