Испанияның Хихон қаласындағы барлардың бірінде жұмыс істеген аспазшы өз әріптестерін уламақ болғаны үшін 48 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.
Тергеушілердің айтуынша, аспаз бірнеше жыл бойы маскүнемдіктен емдеуге арналған медициналық препаратты әріптестерінің тамақтарына қосып беріп жүрген. Ол дәрі алкогольмен бірге қатар қолданылса, адам денсаулығына ауыр зиян келтіруі мүмкін. Осылайша, тергеушілер оның әріптестерінің жұмыстан шығуын көздегенін айтады. 57 жастағы айыпталушының өзі кінәсін мойындаған жоқ. Сонымен қатар аспазшы шамамен 43,6 мың еуро мөлшерінде құрбандарға өтемақы төлеуге міндеттелді.