Астрономдар алдағы екі күнде Жерден шамамен сегіз миллион шақырым қашықтықта 2020 WU5 астероиды ұшып өтетінін мәлімдеді. Аспан денесі орбитасының траекториясы НАСА реактивті қозғалыс зертханасының сайтында көрсетілген, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде nur.kz жазды.
2020 WU5 астероиды 2020 жылы 29 қарашада NEOWISE ғарыш телескопынан алынған суреттерді зерделеу барысында табылды. Ал 4 желтоқсанда ол Халықаралық астрономиялық одағының кіші ғаламшарлар электронды нұсқаухатына енгізілді.
Аспан денесі "аполлондар" тобына – жер орбитасын сыртқы жағынан кесіп өтетін жер маңы нысандарына жатады. Ғалымдардың бағалауынша, оның диаметрі 0,5-тен 1,1 шақырымға дейін барады.
Астероид Жерге 13-нен 14 қаңтарға қараған түні барынша жақындайды деп күтілуде.
Астрономиялық нысанды объектив диаметрі 200 миллиметрден асатын телескоппен тамашалауға болады.